«Ана -өмірдің шуағы»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
(3 бала ортаға шығып үш тілде құттықтайды)
Арсен: Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бахтияр:
Дорогие, любимые бабушки, мамы, воспитатели. Поздравляем вас с праздником 8-марта. Желаем вам крепкого здоровья и счастья. Мы вас любим!
Дима:
I love Mummy, I love Granny
I wish them health
I wish them wealth!
Жүргізуші:
Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Ұлдар "Жігіттер" әуенімен залға билеп кіреді.
Ұлдардың орындауында "флешмоб" биі.
"1000000" әуеніне қыздар залға кіреді. Ұлдар мен қыздар бірге билейді.
Орындарына барып тұрады.
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Ән "Ақ мамам"
Жүргізуші:
Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Айтар сөзіміз бар
Анаға айтар лебізі.-деп
"Жұлдыздар" тобының ұлдарын ортаға шақырайық.
Бахтияр:
Жыл басы наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар тойы ерекше
Тіршілік жаңа оянды
Арсен:
Ананың әр сөзі ой талабы
Жүрегімнің төрінде сақталады
Өсеміз елін сүйген ұландар боп
Ардақты ана еңбегі ақталады
Дима:
Моя мамочка, мамуля,
Больше всех тебя люблю,
С 8 Марта поздравляю,
Поцелуй тебе дарю!
Расул:
Қадірлі аналар көңілді
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық толы болсын
Мағжан
Ана-ана анатай, сені жақсы көремін
Өзіңмен бірге далада серуендеп келемін
Амир
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз
Нұралі
Көрсең қайран боларсың
Мақтанышы әлемнің
Аналар ғой әрқашан
Бала қамын ойлайтын
Нұрасыл
Әжетайым, әжетай
Сізді жақсы көреміз.
Сізге өлең – тақпақты
Жатқа айтып береміз.
Ильяс
Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем апамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем әжемді
Санжар
Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым!
Алихан
Бәріміздің анамыз
Бәріміздің панамыз
Бұл кісінің алдында,
Бәрімізде парызбыз
Батырхан
Балам, ұлым, қызым деп
Еркелеткен біздерді
Құтты болсын апайлар
Мерекеңіз бүгінгі
Қоңырау дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады)
Кузя:
Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі, Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін.
Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен әжелер кіріп би
билейді
Би: «Бабушки старушки»
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Көктем кіреді
Көктем: Орман аралап жүрсем.Қоңырауды естідім.Қатты дыбысымен,әкелді мені мұнда.
Мені бәрі әдемі және көрікті деп айтады.Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Көктем
Көктем:: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Көктем:: Ой, қандай бақыт! Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен!
Балалар : Мерекеңмен құттықтаймыз!
Көктем:: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің қыздар да әдемі билей алады.
Би «Қуыршақтар».
Көктем:: қандай керемет би.
Жүргізуші:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Ал қазір біздің сүлу қыздарымыздың тілектерін қабыл алыңыздар.
Ясмина
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар!
Зор ден саулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Нұрай
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жолдап бүгін саған
Мерекеңмен құттықтаймын
Інжу
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам!
Медина
Қадірлі аналар көңілді
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық толы болсын
Айлана
Менің әжем, гүл әжем.
Алтын әжем, күн әжем.
Ана үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі - әжем.
Аяна
Өмірде маған ең жақын,
Данасың сен анашым
Болмаса мейлі зор даңқың,
Мен үшін мәңгі дарасың
Аяжан
Жылылықтан жаралған, құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан асқан сұлу бар ма екен
Құттықтаймын анашым 8 наурызбен!
Акниет
Мейірімі жел жібек
Күндей ыстық құшағы
Ел жүрегі елжіреп
Құлыным деп құшады
Самира
Ана пана
Ана дана
Өмірді әкелетін Ана ғана!
Кузя: Мен аналарға көмекшілер таптым қарсы алыңыздар кіржуатын қыздар
Би "Стирка"
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя:
Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Жүргізуші:
«Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Көңілінді түсірме біз сенін анаңды табуға көмектесеміз.
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Ән: «Ақ мамам»
Көктем: Қандай тамаша ән. Ал енді мен аналармен ойын ойнағым келеді.
Ойын "Золушка"
1.Шарты: Ыдыста әр-түрлі макарондар араласып салынған, екі топқа бөлініп жылдам өз сауыттарына бөліп салу керек.
2. Шарты: Аналардың көздері байланып ыдыстағы арпаны қолымен ұстап сезу арқылы тауып айту керек.
Би "Стюардесса"
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар. Қастерлейміз әрқашан анамызды,
Жылы жүрек, ұшқыр ойлы данамызды.
Әженің өзі дағы, сөзі алтын,
Шыңдаған біздің ақыл –санамызды
Ән "Әже"
Жүргізуші: Ал енді
балаларыңыздан сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Көктем:: Кететін уақыт келді. Мен басқа жаққа да баруым керек. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Құттықтау сөз: «Күншуақ» балабақшасы меңгерушісінің м/а Бақыт Еслямбекқызына сөз беріледі.
Жүргізуші:
- Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.
Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын.
Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!