"Ақмола обылысы білім басқармасының Көкшетау қаласы  бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының "Күншуақ" мектепке дейінгі  шағын орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Дошкольный мини- центр "Күншуақ" города Кокшетау  при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз (архив)

24.03.2017

Қош келдің, Әз Наурыз!

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді

Мақсаты:

Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып,

дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз -қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Армысыздар құрметті қонақтар.

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз Қызыр ата музыкамен ортаға келеді)

Қызыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қызыр ата бата береді.
Тәрбиеші: Айтқаныңыз келсін, Қызыр ата!
Наурыз қыз:

Мен наурыз қызбын
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің

Босағасын атташы
Медина Қ:

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді-жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Айлана:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Нұрай:

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Аяжан:

Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Келді Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа жыр.

Аяна:

Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз
Наурыз бұл – береке
Құтты болсын мереке!

Ясмина:

Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын, халайық!
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.

Інжу:

Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне!

Медина Б:

Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса

Тәрбиеші:

Рахмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық

ӘН: «Көктем келді»

Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Арсен:

Наурыз  тойы -елдің тойы

Көктем тойы-төлдің тойы.

Ән айтылды күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!!

Нұрасыл:

Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.

Санжар:

Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күніміз.

Расул:

Наурыз саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.

Нұрәлі:

Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.

Әмір:

Наурыз тойы – тамаша
Наурыз тойы – жаңаша

Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса

Бахтияр:

Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр – әніміз

Алихан:

Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боялды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Мағжан:

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.

Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)

Өлең  айтып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?

Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?

Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.

Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)

Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!

Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.

Ойын: (Асық ойыны)

Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.

Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)

Тәрбиеші:

Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз

БИ: «Қыздар биі» (кеселермен)

Наурыз қыз: наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.

Тәрбиеші: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамның бірі.

Наурыз қыз: Ендеше, мен наурыз көже ішкім келеді.

Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)

ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)

- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!

- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ

- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?

- 7 түрлі

- Қане атап беріңдерші?

- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз

- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.

- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.

(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)

Тәрбиеші: ұлдардың орындауында би, қарсы алыңыздар.

Би «Тұлпарым»

Тәрбиеші:Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.

Қасиет еткен халқымыз,

Жаңғыртар дәстүр салтымыз

Сән салтымен ел көрікті

«Тұсау кесу» Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет-деп біз сіздерді «тұсау кесу» рәсімін тамашалауға шақырамыз.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма

Би «Домбыра»

Тәрбиеші:

Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Ән «Наурыз тойы»
Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық
Ойнайық та, көңілімізді көтерейік

Балалармен басқа да ойын ойнайық.

Ойынның аты «Теңге алу» Кім теңгені көп жинайды сол жеңімпаз болады, соңынан санау.

Тәрбиеші: ата-әжелер , малдас құрып дөңгелене отырамыз, қолымдағы жіпті көріп отырсыңдар, осы жіпті орай отырып, бір – бір тыйым сөз айту керек.

Дайынбыз ба? Бастаймыз.

Үйде ысқырма

Үлкеннің жолын кеспе

Асты үрлеме

Саусағыңды аузыңа салма

Тіліңді шығарма

Жақты таянба

Тізеңді құшақтама

Табаныңды тартпа

Бір қолмен нанды үзбе

Есікті қатты жаппа

Отқа түкірме

Үйге қарай жүгірме

Есікті керме

Үлкеннің алдын кеспе

Босағаға тұрма

Бос бесікті тербетпе

Бетіңді баспа

Адамға қарап керілме

Көк шөпті жұлма

Құстардың ұясын бұзба

Суға түкірме

Құмырсқаның илеуін бұзба.

Тәрбиеші:

Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

БИ: Ұлдардың биі

Тәрбиеші:

Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.

Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Балалардың орындауында «Қара жорға»

Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!  Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст