Қазақтың ұлттық ойыны «ХАНТАЛАПАЙ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп,қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Ханталапай ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Қажетті заттар: Ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша, кигіз үй).Қой малының асықтары. Ұлттық нықышта өрнектелген қоржын. Алдын ала дайындалған тапсырмалар
Сабақ түрі: Ойын - сабақ.
Ойын барысы: Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме! Балалар!
Балалар: (амандасады)
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
Тәрбиші:
Балалар казір жылдың қай мезгілі? Күн қандай?
Балалар; Көктем. Жылы
Тәрбиші: Біз жуырда қандай мерекені тойладық?
Балалар; Наурыз!
Тәрбиші: Керемет, жарайсыңдар балалалар!
Балалар бүгін ерекше сәтті күн, ауа - райы да, тамаша екен. Жайлауға барып асыр - салып ойнап келейік.Жайлауда балалар біз өте керемет демалып қайтамыз.
Тәрбиші балаларды ертіп жайлауға жүреді, кигіз үйге кіргізеді.
Тәрбиші: Біз балалар жайлауға қыдырып келдік. Ал балалар біз қандай ұлттық ойындарды білеміз?қане балалар атап берейік.
Балалар: иә.
1) Көкпар ойыны
2) Соқыртеке ойыны
3) Ақ сандық, көк сандық ойыны
4) Арқан тарту ойыны
5) Қазақ күресі ойыны
6) Білектесу ойыны
7) Жасырынбақ ойыны
8) Ақ сүйек ойыны
9) Орамал тастау ойыны
10) Ханталапай ойыны.
Тәрбиші: жарайсыңдар балалар! Сендер қазақтың ұлттық ойындарын біледі екенсіңдер.
Тәрбиші сандықта тұрған қоржындағы асықтарды алып шығарады, сыртқа шығып асықпен ойын ойнатады.
Тәрбиші: қоржынды ұстап тұрып, асық туралы не білеміз? асықпен қандай ойындар ойналады?
(балалардың жауаптары тыңдалынады) (Асық ату, үш табан, ханталапай т. б.)
Ұйымдастыру кезеңі :
-ойын ережесін түсіндіру
-балаларды шеңбер бойымен отырғызу
-балалардың көңіл-күйін ойынға аудару
-ойын басталғанын жариялау
(ойынды жүргізу 25-минут)
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей, ең озық ойлы баланы анықтаймыз.
Тәрбиші: Ал ойнасақ - ойнайық. Бүгінгі ойынға барлығымыз қатысамыз, Олай болса, жарысымызды бастайық.
«Талапай - ау, талапай, табылды ойын алақай»- деп қоржындағы асықтарды балалар алдына тастаймын. Балалар жарыса асықтарды «ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтарын санап, әр бала 5 асықтан тігіп ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Асықтарды атады да, тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, тәрбиші қойған тапсырмаға жауап береді. Егер ойыншы бала жауап бере алмаса, қатысушы басқа балалар жауап береді. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында сұрақтарға дұрыс жауап беріп, асықты көп жинаған бала жеңімпаз атанады.
Ойын аяқталған соң,ұтқан асықтарын санайды.
- ойын аяқталғанын жариялау
Сұрақтар:
1. - Балалар біз қай Республикада тұрамыз? - Қазақстан Республикасында.
2. - Республикамыздың астанасы қай қала? - Астана қаласы
3. - Қазақстанның тұңғыш президенті? - Әбішұлы Н. Н.
4. - Балалар , біз қай тілде сөйлейміз? - Қазақ тілінде
5. - Қазақстанның рәміздерін ата? Ту.Әнұран.Елтаңба.
6. - Қазақстан Республикасында жүздеген ұлт өкілдері тұрады. Қане, кім айтады, қандай ұлттар тұрады? - Қазақ, орыс, өзбек, татар, ұйғыр, балқар, кәріс т.б.
7. - Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер? Құрт көже, бесбармақ т.б.
8. – Сүттен не жасауға болады? Айран, қаймақ,ірімшік,май т.б.
Қорытындысында 3 ерекше қатысқан балаларға :
-«Алғыр бала»
-«Мерген бала»
-«Зерек бала» білімімен, тапқырлығымен,көп асық жинаған жеңімпаз
балаларға наминациялар беріледі.