Ғажайып ғарыш
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту.Ғарыш әлемі және оның құпия
сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа, зымыран
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.
Жүру барысы: Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жер – ана!
Сәлем саған нұрлы күн
Аман – есен болайық
Бейбітшілікті қалайық!
Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі? Ал көктемнің қай айы? Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр.
Балалар мен сендерге бір жұмбақтар жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. (зымыран)
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын. (ғарышкер)
Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Слайд: аспан әлемі
Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты?:
Юрий Гагарин (слайд)
Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (слайд).
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады? (слайд )
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Б. ж.
Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Әуен арқылы жаттығу жасату.
Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Зымыранды құрастыр»
Мына жерде бөліктер бар оны құрастырып шығару үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек, әр бөліктің артында сұрақтар берілген.
1. Зымыран сөзін буынға бөл.
2. Апта күндерін ата.
3. Бір жылда неше мезгіл бар?
4. Балалар, сендер ғарышкерлерді білесіңдер ме?
Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, білімімізді
тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбыз ба?
Ендеше скафандрды үстімізге киейік, зымыранға отырайық (қолмен қозғалыс көрсетеді),
балалар жоғарыға ұшу үшін сиқырлы сөз айту керек көзді жұмып.
Бір, екі, үш
Ғарышқа тез ұш.
Слайд аспан әлемі.
Көзімізді ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз.Енді ғарыш туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Әмір
Ғалым болам десеңіз
Білімді жина басынан
Ғарышқа ұшам десеңіз
Шынықтыр дене жасынан
Аяжан
Аспан-аспан, арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар, білесіңдер ме аспаннан жерге қарағанда жеріміз доп сияқты
дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз. Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді жұму керек.
Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшады екен.
Қорытынды:
Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?
Кімдер ұшты?
Балаларымыздың ғарышкер ағаларына арналған тақпақтары бар
Санжар
Әубакіров ағаның
Даңқы көкке самғаған
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Расул
Тоқтар ағам жинаған
Бұрыннан да ер еді
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.
Балалар сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ғарыш әлемі, Қазақтың ғарышкерлерімен танысып, атай білуі.
Игеру керек: Ғарыш әлеміне байланысты жаңа сөздерді меңгерді
Үйрену керек: Ғарышкерлер мен ұшқышты ажырата білуі, зейіні, есте сақтау қабілеті артады. Ғарышкерлер туралы тақпақтарды айта алады. Ойын шартын түсініпойнай білді.