Білім беру саласы: Таным.
Кіші саласы: ҚМТҚ
Тақырыбы: Қызықты математика
Өзектілігі: 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың таным қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
2.Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды қолдану.
Көрнекіліктер: Воскобович дамытушылық ойыны «Игровизор», математикалық себет,
Қос тілді компонент: Кілт –ключ-key, сарай- дворец - palase.
Міндеттері:
1)Білімділік: Тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға баулу, сандардың құрамын білу, геометриялық пішіндер
туралы түсініктерін бекіту.
2)Дамытушылық: Таным белсенділіктерін, зейінін, кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелеу: Топтаса бірігіп тапсырма орындауға,бір-біріне көмектесуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа,тез ойлауға және дер кезінде шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Сендер ертегені жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілерді білесіңдер?
Бізге ханшайым кеше кешке сиқырлы таяқшаны тастап кетті.
Олай болса бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Бірақ ол алыста ғой, қалай ойлайсындар ол жаққа тез жетуге болады ма? Ертегі еліне жету үшін мына сиқырлы таяқшаны қолданамыз. Қолымызды ұстап біз шеңбер бойына тұрайық, көзімізді жұмайықта шулаған орманды, сайраған құстарды, әр түрлі аңдарды елестетейік.
Кәне, сиқырлы таяқша бізді ертегілер еліне тез жеткіз! Көзімізді ашайық қараңдар біз ертегілер еліне келдік. (Сарай кездеседі) Тыныс алу жаттығуы (Стрельникова):
«Басын бұру» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінен сәл ашамыз; басын бір жағына бұрып, дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып, дыбыспен демін сыртқа шығару
Негізгі бөлім.
Ханшайымға сарай есігін ашуға көмектесеміз бе? кілттегі тапсырманы орындап көрейік.
1- тапсырма: «Апта күндерін ата»
Бір аптада неше күн бар?
Апта күндерін атаңдар?
Бүгін аптаның нешінші күні?
- Біз бірінші тапсырманы орындадық. Бірақ сарайдың кілті ашылған жоқ. Мүмкін екінші кілт есікті ашар. Сол үшін екінші тапсырманы орындайық.
2-тапсырма: «Сандарды тура және кері сана»
1.2.3.4.5.6.7.8.9.10
10.9.8.7.6.5.4.3.2.1
«Тығылған сандарды тап»
-Екінші тапсырманы да орындадық. Кілт есікті ашпады. Келесі тапсырманы орындасақ мүмкін есік ашылар,бірақ біз сергіп алайық. Сергіту сәті: Аяқпенен топ-топ
(музыка ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау)
- Енді тапсырмаларымызды орындауды жалғастырайық.
3- тапсырма: “ Игровизор-маркер” ойыны ( суретте неше зат бар, соған сәйкес санды белгілеу) , математикалық себет ( себетте қанша саны жазылып тұр, сонша саңырауқұлақ салу керек)
4- тапсырма: «Геометриялық пішіндерді ата»
Ойын: «Үйіңді тап»
Шарты: Балалар щеңбер бойымен билеп жүреді музыка тоқтағанда санның сәйкестігімен өз үйін табу керек.
5- тапсырма «Санамақтар»
- Санамақты жақсы айтады екенсіңдер. Енді кілтімізбен сарайдың есігін ашайықшы.
- Сарайдың іші қандай әдемі, әсем. Бізді ертегі кейіпкерлері қарсы алып тұр
Ханшайым:
- Сендерге көп рахмет. Сендер тапсырмаларды жақсы орындап сарайдың есігін ашып бердіңдер. Өздерің өте білімді екенсіңдер. Енді мен сендерді құр қол жібермеймін. (сыйлық береді)
- Шеңберге тұрып көзімізді жұмайық. Сыйқырлы таяқшаның
көмегімен бақшамызға оралайық.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Кездескенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Рефлекстік-түзетушілік
Балаларды мадақтау.
- Балалар, бүгінгі саяхат сабағынан алған әсерлерің қандай?
Сендерге сабақ ұнаса онда күннің көзін, ұнамаса бұлтты өзімізге сыйлыққа таңдап аламыз.