Алтын күз келді, бақшға музыка әуенімен балалар кіреді.
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойында тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Ән «Алтын күз!»
Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі - түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!
Жүргізуші:дұрыс айтасындар
Күз ханшайымы кіреді.
Күз:
Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен сендердің әндеріңді алыстан естіп, сендерге қонаққа келдім. Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен,
тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Олай болса күз туралы тақпақтарын айтуға балаларды ортаға шақырамыз
Ильяс: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Айлана:
Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Батырхан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Абилмансур:Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жасмин: Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. (Жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді).
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам,
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Қаласам қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).
Жүргізуші: Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғыңды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
- Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.
Ән: «Қолшатыр».
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар? Сендердің ойнағыларың келеді ғой, олай болса «Тамшылар мен жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
(Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Екі - төрт бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды).
Бұлт: Балалар, сендер барлығың жылдам және шапшаң екенсіңдер.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді,
Балалар:Иә.
Жүргізуші:Ендеше біздің қыздардың биін қабыл ал
Би «Қолшатыр биі»
Тақпақтар:
Арсен: Дала сары секілді,
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді.
Алтын астық, алтын дән.
Нұрай: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Аяжан: Алақай!Алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Б.Медина:Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді
Күз ойын ойнатады «Жаңғақтармен бүршітерді жинау»
Нурасыл:Қыстың қамын ойлаймыз,
Күздің тойын тойлаймыз
Жасайды той халқымыз,
Жаса, жаса Алтын күз!
Ән «Бау-бақта»
Ойын «Жаңғақ пен картоп жинау»
Қыздар тақпақ айтады:
Самира:Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Айзере:ұнайтын ұнамайтынЖапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Ясмина: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Қ. Медина: Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да
Жаның бәрі жарқын күз
Ақниет: Күз жомарт қой қашан да,
Мол жемісін беретін,
Піскен қарбыз, тәтті алма,
Балаларға керек қой.
Би «Аспазшылар»
Тақпақ ұлдар:
Алихан:Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Мағжан:Бұтағындай емініп,
Күзде жеміс піседі
Сабағынан жел үзіп
Жерге топ-топ түседі.
Рахим:Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Би «Жапырақтар»
Ән «Күз тамаша»
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Алтын күз!» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар! мерек!